Павлодарда ауызсудағы хлордың мөлшері артты
Оған судың тасуы мен судың лайлануының артуы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы 109 облыстық бірыңғай байланыс орталығы мәлімдеді.
Судың тасуы мен судың лайлануының артуына байланысты алдын алу мақсатында қаланың су құбыры желілерінде хлордың мөлшері ұлғайды. Осы кезеңде суды алдын ала тұндырғаннан соң қайнатып барып тұтынуды ұсынамыз.