Павлодарда автобус бағыты өзгерді

Павлодарда автобус бағыты өзгерді
Фото: Константин Шелков

Себебі арнайы техника орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, осыған байланысты 28 мамырдан 2 маусымға дейін Шевченко көшесі бойынша Павлов-Катаев көшелерінің шекараларында автобустардың қозғалысы шектеледі. 

Осыған байланысты №18 автобус маршруты «Толстой», «Ажар» және «39-шы шағын аудан» аялдамаларына кірмейді.

Маршруттың қозғалысы Толстой көшесі бойынша «Гринвич» аялдамасына (қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша) кіреді де  Толстой көшесі арқылы кері бағытта  шығады.