Жүргізуші куәлігі бойынша дауыс беру бюллетеньдерін алуға бола ма?
Заңға тәуелді актіде түпнұсқа жеке куәлікті алмастыратын цифрлық жеке куәлік қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Орталық референдум комиссиясының деректері бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтары ғана дауыс бере алатындығын ескере отырып, дауыс беру құқығын беретін құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болып табылады. Заңға тәуелді актіде түпнұсқа жеке куәлікті алмастыратын цифрлық жеке куәлік қарастырылған. Бұл жағдайда EGOV mobile, Kaspi.kz және Halyk қосымшаларында цифрлық жеке куәлікті көрсетуге болады.
Еске сала кетейік, жалпы республикалық референдум өтетін күні Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында қоғамдық көліктерде, атап айтқанда, автобустар, трамвайлар, шағын класты автобустарда жолаушылардың барлық санаттары үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады.