Павлодарда көпқабатты тұрғын үйде уақытша су болмайды

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 сәуір күні Р. Люксембург көшесі, 111 мекенжайы бойынша жеке тұлға шүмекті ауыстыру жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты, 14 сәуір күні сағат 9:00-ден 15:00-ге дейін Ак. Шөкин көшесі, 98 мекенжайында су уақытша тоқтатылады.
Компания тұрғындардан суды алдын ала жинақтап, қажетті шаралар қабылдауды сұрайды.