Павлодарда автобус маршрутының қозғалысын уақытша өзгертеді

Павлодарда автобус маршрутының қозғалысын уақытша өзгертеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Су құбырындағы апатты жою жұмыстары жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық баспасөз қызметінің мәліметінше, Толстой көшесі бойынша Н.Назарбаев даңғылынан Иса Байзақов көшесіне дейін көлік құралдарының қозғалысын шектеуге байланысты 4 сәуір күні сағат 08:30-дан бастап №126 шағын класты автобус маршрутының қозғалыс сызбасы өзгертілетін болады.

Қозғалыс Н.Назарбаев даңғылымен Естай көшесіне шығумен, Бұқар жырау көшесіне екі бағытта бұрылыспен жүзеге асырылатын болады.