Павлодарда Аймауытов театрына жаңа автобус табысталды
Автобус 53 орындықпен қамтылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Театр қызметкерлері өз қуаныштарымен әлеуметтік желіде бөлісіп, алғыс айтты.
– Жаңа автобустың алынуына мұрындық болған руханият жанашыры, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов мырзаға театр ұжымы атынан ерекше алғысымызды білдіреміз, – дейді театр қызметкерлері әлеуметтік желіде.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының қызметкері Нұркен Тұрлыбектің айтуынша, су жаңа автобустың кілтін Павлодар облыстық әкімдігі табыс еткен.
– Енді басқа облыстарға гастрольдік сапарға шығуда қиындық туындамайды. Ескі көлігіміздің тозып қалғаны рас. Сондықтан жаңа көлік бөлу туралы өтініш жасаған едік. Осылайша жаңа көлікке ие болдық, – дейді Нұркен Тұрлыбек.
2023 жылы шығарылған ауа баптағышы бар 53 орындық көлік заманауи үлгіде жабдықталған. Ал бұған дейінгі 2012 жылғы қызметтік көлік болған.
Айта кету керек, театр ұжымында 150 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 85 қызметкер шығармашылық бөлімінде жұмыс істейді. Жақында тағы 9 жаңа жас маманмен толықты. Оның сегізі драма әртісі қызметіне қабылданса, біреуі театрдың қоюшы-суретшісі қызметін атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram