Павлодарда ағаштар мен гүлдер отырғызу жалғасуда

Павлодарда ағаштар мен гүлдер отырғызу жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарты жылда қала көшелерінде он мыңнан астам көшет отырғызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы Хасар Хабылбеков өзінің «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, аталмыш жұмыстармен қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мердігерлері айналысуда.

Жыл басынан бері облыс орталығының «жасыл белдеуі» 11 мың көшетпен толықты. Сондай-ақ, абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру айлығы барысында қала көшелеріне 1080 көшет отырғызылды. Бұл негізінен шырша, қарағай, татар үйеңкісі, терек және қайың, – деді ол.

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі апатты ағаштарды санитарлық кесу және пішіндеу жұмыстарын жүргізеді. Атап өтерлігі, құрғап қалған және визуалды ақаулары бар ағаштар ғана кесіледі.

Гүл отырғызу жұмыстары көшелердің қиылыстарында, скверлер мен саябақтарда, жалпы пайдалану орындарында қарқынды жүргізілуде. Бұл – шамамен 30 мың шаршы метр аумақ.

Гүлзарларды безендіру кезінде цинния, цинерария, сальвия, петуния, антирринум, портулак, гибискус, георгина, агава, изолепис, раушан, спирея, хоста, шалфей, флокс, сондай-ақ сидерат көшеттері пайдаланылды, – деп атап өтті мердігерлер.

Гүл отырғызу жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)