Павлодарда бірқатар үйде уақытша су болмайды

Павлодарда бірқатар үйде уақытша су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл сумен жабдықтау желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС-ның мәлімдеуінше, 12 тамыз күні Камзин көшесі, 58–58/2 мекенжайындағы транзиттік су құбырының учаскесін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 12 тамызда сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін Камзин көшесі, 58, 58/1, 58/2 және 60 үйге су беру уақытша тоқтатылады.

Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталған.

Тұрғындардан алдын ала қажетті мөлшерде су жинап алулары сұралады.