Павлодарда бір бөбекжай-бақшада жарық болмайды

Павлодарда бір бөбекжай-бақшада жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Электр желісінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Ак. Сәтбаев көшесі, 251 – №11 бөбекжай-бақша, 253;
  • Ломов көшесі, 30 – «Дивита» дәріханасы;
  • Қамзин көшесі, 237, 244 – «Zeta», «Fix price» дүкендері;
  • Ворушин – Теплов – Көкшетау – Радищев көшелерінің алаңындағы тұрғын үйлер.

Сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін Комсомольская – Ж. Аймауытов – Қарағанды – Салтыков-Щедрин көшелер алаңындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалады.