Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындары мен қонақтары 23 наурызда сенбілік жәрмеңкеде сауда жасай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен, Шарбақты және Павлодар аудандарының тауар өндірушілері қатысады.

Мекенжайы: Торговая көшесі, 2а құрылымы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы), «Jailau» фермерлер базары.

Сол күні Екібастұзда «Халықтық» базарында, Ақсуда «Ауыл» базарында, сондай-ақ облыстың он ауданында жәрмеңке өтеді.