Павлодарда бірнеше бағыттар бойынша автобус маршруттары уақытша өзгерді

Павлодарда бірнеше бағыттар бойынша автобус маршруттары уақытша өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өзгерістер жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық ТҮКШ бөлімінің хабарлауынша, 6 қаңтар күні сағат 14:00-ден бастап Қамзин-Малайсары батыр көшесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты № 2, 9, 11, 52 және 55 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілетін болады.

№2, 9, 55 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүру кезінде осы учаскені Қамзин – Бекмаханов – Кіші айналма – Малайсары батыр – Қамзин көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№11 автобус маршруты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүру кезінде осы учаскені Қамзин – Бекмаханов – Кіші айналма – Малайсары батыр көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.

№52 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүру кезінде осы учаскені Қамзин – Бекмаханов – Кіші айналма – Малайсары батыр – Естай көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша. Сол сияқты кері бағытта.