Аяз бен көктайғақ: Павлодар облысында оқушылар түстен кейін қашықтықтан оқиды

Аяз бен көктайғақ: Павлодар облысында оқушылар түстен кейін қашықтықтан оқиды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көктайғақ және суық ауа райына байланысты сабақтар штаттық түрде өткізілмейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің мәліметінше, екінші ауысымдағы  мектепалды, 1-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ауа температурасы минус 21 градус, желдің жылдамдығы секундына 8-12 метрге дейін жетеді. Дала көктайғақ. 

Ақсуда түстен кейін 0-9-сынып оқушыларының сабақтары қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ауа температурасы минус 20 градус аяз, желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетеді.  

Екібастұздың екінші ауысымдағы 0-9- сынып оқушылары үшін де сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды.