Павлодарда балаларға жаңажылдық сыйлықтар жинау басталды
«VITA» іздестіру жасағы тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық «VITA» іздестіру жасағы Жаңа жыл қарсаңында балаларға тәтті сыйлықтар дайындау үшін қайырымдылық жинағын жариялады. Тұрғындар «Аяз атаға хат» акциясына үлес қоса алады.
Еріктілер кәмпиттер мен дайын жаңа жылдық тәтті сыйлықтарды қабылдайды. Жиналған тәттілер балаларға арналған мерекелік сыйлықтарға қосылып, басқа да қайырымдылық шараларында пайдаланылады.
– Кез келген көмектеріңізге қуаныштымыз. Бір келі немесе одан да көп кәмпит, сондай-ақ дайын тәтті сыйлықтарды әкелуге болады. Балаларды қуантуға атсалысатын әрбір жанға алғыс білдіреміз, – деп хабарлады іздестіру жасағы.
Сыйлықтарды еріктілердің кеңсесіне жеткізуге болады. Оларды тапсыру уақытын келісу үшін жасақ жетекшісі Екатеринаға WhatsApp арқылы +7 747 615 55 63 нөміріне хабарласу қажет.
