Павлодарда балалар шығармашылығының байқауы қорытындыланды

Балалар өз жұмыстарында жұмыс орындарындағы қауіпсіздіктің маңыздылығын көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасы кәсіпорын қызметкерлерінің балалары мен немерелері арасында дәстүрлі жұмыс байқауын өткізді. Биыл қатысушыларға жұмысқа қауіпсіз қарау тақырыбында қолөнер бұйымдарын жасау ұсынылды.
Балалар тапсырмаға жауапкершілікпен қарады. Үздікті анықтау оңай болмады, сондықтан қазылар алқасы әр қатысушыны номинациялар бойынша марапаттау туралы шешім қабылдады. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ энергетика жүйесі қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Балтабек Төлеубаев қатысушыларға пайдалы сыйлықтар: қарындаш жинақтары мен танымдық кітаптарды табыстады.
– Биыл бізде 6 қатысушы бар, олардың жұмыстары сапасы мен бөлшектердің санымен таң қалдырады. Біз байқауымызға қатысатын балалардың санын барынша көбейткіміз келеді. Биыл біз дәстүрлі жүлделі орындарға бөлуден бас тартып, барлық қатысушыларды дипломдармен және ойыншықтар дүкеніне сертификаттармен марапаттадық, – дейді байқауды ұйымдастырушы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау басқармасының бастығы Андрей Турков.
Байқау қатысушысы Ульяна Кононенконың айтуынша, оның әкесі №2 ЖЭО қазандық цехының ауысым бастығы болып жұмыс істейді.
– Ол күн сайын қауіпсіздік белгілерін көреді және сақтайды. Сондықтан мен қауіпсіздік белгілері бар қолөнер бұйымын жасап, «Қауіпсіздік белгілерінің білгірі» номинациясы бойынша марапатқа ие болдым, – деп бөлісті ол.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні 2003 жылдан бері 28 сәуірде атап өтіледі. «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мамандары қызметкерлердің назарын қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау ережелерін сақтаудың маңыздылығына аудару мақсатында жыл сайын іс-шаралар өткізеді: оның ішінде сенбіліктер, аудиттер және балалар шығармашылығы байқаулары бар.