Павлодарда республикалық автожарыс ұйымдастырылады

Павлодарда республикалық автожарыс ұйымдастырылады
Фото: Әлеуметтік желіден алынған

Өңірімізде Қазақстан Кубогының бесінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

20 тамыз күні «Құлагер» ипподромында Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 20-дан астам спортшы бақ таластыратын болады. Олар байқаудың автослалом түрінен жарысады. Бұл іс-шара «Ритм РК» қоғамдық бірлестігің ұйымдастыруымен және Павлодар қаласының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қолдауымен өтеді.

– Аталмыш шара тек жүлде үшін ұйымдастырылмайды. Автожарыс бұл – адреналин, спорт, керемет көңіл-күй. Қатысушылар бұл жарыстан спорт шебері немесе спорт шеберіне үміткер атақтарын ала алады, –  дейді «Ритм РК» қоғамдық бірлестігің жетекшісі Екатерина Чигрина.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың көбі – Алматы облысынан. Шара жексенбі күні сағат 12:00-де басталады.