Павлодарда байқаушылар жоғары белсенділік танытты
Барлық учаскелерден қорытынды хаттамалар дайын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Ел дауысы» қоғамдық қоры атом электр станциясына қатысты референдумнан кейін ауқымды тәуелсіз мониторинг жүргізді. Қазақстан бойынша 970 байқаушы мен 37 үйлестіруші тартылды.
Павлодар, Ақтөбе, Орал, Қарағанды, Петропавл, Астана, Өскемен, Семей қалаларының байқаушылары жоғары белсенділік танытты. Павлодарда төрт нысанда бірнеше бұзушылық анықталды.
– Байқаушыларды тіркеуде, референдум учаскелеріне кіруде қиындықтар туындады. Бірақ кемшіліктер тез түзетілді. Алдағы уақытта мұны ескеру қажет, – деп атап өтті қоғамдық қорда.
«Ел дауысы» хабарлауынша, бірқатар бұзушылықтар тіркелгеніне қарамастан, жалпы дауыс беру процесі ашық әрі әділ өткен әрі мұның бәрі нәтижеге еш әсер етпеді.