Павлодарда белгілі суретшіні еске алды

Павлодарда белгілі суретшіні еске алды

Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінде Николай Дружининның туындылары көрмеге қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Суретші 1947 жылы Қырғызстанда дүниеге келген. Кейін отбасы Алматыға қоныс аударған. 60-жылдары институтты сызу пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Осылайша кескіндеме оның өмірлік шабытына айналған. Алматыда декоратор, кинотеатрларда графикалық дизайнер болып жұмыс істеген. 

Оның коллекциясында натюрморттар, пейзаждар, сюжеттік картиналар бар. Экспозицияда әскери тақырыпқа арналған жұмыстар маңызды орынға ие.  

Суретшінің таныстары мен достары көркемсурет музейінде еске алу мақсатында көрме ұйымдастырған. 

Біз өткен жылы кәсіби суретшінің 75 жасын тойлаған болатынбыз. Өкінішке орай,  Николай Дружинин былтыр жылдың соңында бақилық болды. Теңдесі жоқ туындылардың авторы, қаламыздың біртуар азаматын еске алу үшін көрме ұйымдастырдық, – дейді көркемсурет мұражайы басшысының орынбасары Ольга Пашко.

Көрмеге суретшінің 29 туындысы қойылған. Бұл суреттердің барлығы кескіндеме стилінде салынған. Бүгінгі таңда Николай Дружининнің еңбектері медициналық-әлеуметтік мекемелердің дәлізінде ілулі тұр. 

Көрме 10 шілдеге дейін жалғасады.