Павлодарда бес ірі әлеуметтік нысанның құрылысы басталады
Ал салынып жатқан нысандар белгілі уақытында тәмамадалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қала тұрғындарымен кездесуде Асайын Байханов спорт инфрақұрылымының инклюзивтік ортада жеткіліксіз дамуы да маңызды мәселе болып отырғанын мәлім етті.
– Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша келесі жылдың көктемінде 5 ірі әлеуметтік нысанның құрылысы басталады, оның төртеуі облыс орталығында орналасады. Олар: екі корты және керлинг алаңы бар Мұз сарайы, екі концерт залы бар 1500 орындық көпфункциялы Конгресс-холл, 5000 адамға арналған бассейн мен көркем гимнастика залын қамтитын үлкен спорт кешені, сондай-ақ 20 000 орындық жаңа футбол стадионы, – деді ол.
Сонымен қатар, келесі жылдың күзінде ұзақ күткен аквапарк ашылады.
Асайын Байханов Павлодар қаласының әкіміне ірі инфрақұрылымдық жоба – арнайы инклюзивтік спорт кешенін салу керектігін айтты. Оның сөзінше, бұл нысанның орнын жедел анықтап, жобалау жұмыстарын бастау қажет.
Еске сала кетейік, жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында соңғы үш жылда 3 ірі жылу магистралі салынды және 60 шақырымнан астам жылу желілері жөнделді.