Павлодарда су тазартудың жаңа кезеңі басталды

Алғаш рет ішкі нарықта өндірілетін полиоксихлорид алюминий – таза судың сенімді кепіліне айналуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ASCOR Өндірістік бірлестігі» компаниясы SULPAK атты полиоксихлорид алюминий (ПХА) өнімін өндіре бастады. Бұл – су тазартуға арналған жоғары тиімді коагулянт. Павлодардағы Кәсіпорын – қазіргі таңда Қазақстандағы аталған өнімді өндіретін жалғыз компания. Зауыт жылына 13 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы, ал құрамында 90 пайыздан астамы – қазақстандық шикізат.
Өндіріс орыны бүгінде елдегі бірнеше ірі су арналарымен қатар, өнеркәсіптік және мұнай өңдеу кәсіпорындары пайдаланып жатыр. Коагулянт ішетін суды тазарту үшін де қолданылады. Өнім сапасы ҚР нормативтеріне сай және барлық қажетті сертификаттарға ие.
– Біз Қазақстанда ПХА өндіретін жалғыз кәсіпорынбыз. Басты мақсатымыз еліміздегі кәсіпорындарды және су арналарын сапалы, отандық реагентпен қамтамасыз ету. Бұл – таза болашаққа қосқан үлесіміз, – дейді компанияның сату және сервис бөлімі жетекшісі Павел Левченко.
Су тазарту бағытындағы жаңа өндірісті 2023 жылы іске қосқан. Қазіргі таңда өнім Степногорск және Рудный су арналарында сәтті қолданылып жатыр. Келешекте компания басқа да су арналарымен серіктестік орнатып, барлық өңірге полиоксихлорид алюминий жеткізуді көздеп отыр.
«ASCOR Өндірістік бірлестігі» компаниясының SULPAK маркалы ПХА өнімін өндіруі – Қазақстанның индустриялық, экологиялық және технологиялық дамуындағы маңызды қадам. Шикізаттың жергілікті болуы, толық өндірістік циклдің Павлодарда орналасуы және ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету – отандық өндірістің нақты жетістігі.
Бұл – ел экономикасына үлес, халыққа – таза су, ал болашаққа сенімді қадам болмақ.