Павлодарда бес көпқабатты тұрғын үй уақытша жарықтан ажыратылады

Павлодарда бес көпқабатты тұрғын үй уақытша жарықтан ажыратылады
Фото: Константин Шелков

3 қараша күні электр желісіне жөндеу жұмысы жүргізілмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. 

- Электр желісіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты ертең сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін екі көшедегі 5 көпқабатты тұрғын үйге электр қуаты берілмейді, - делінген хабарламада.

Жарықсыз қалатын мекенжайлар: Генерал Дүйсенов көшесі, 8, 10, 12 және Торайғыров көшесі 63, 65 үйлер.