Павлодарда бес үйде су уақытша өшіріледі
Сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар Водоканал» ЖШС мәлімдеуінше,13 тамыз күні Мәшһүр Жүсіп көшесі, 286/1А мекенжайында мердігер ұйым сумен жабдықтау желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты 13 тамызда сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін мына мекенжайларда су беру уақытша тоқтатылады:
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 284/3;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 288;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 288/1;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 288/2;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 306.
Серіктестік тұрғындардан қажетті мөлшерде ауызсу жинап алуды сұрайды.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін су беру қайта қалпына келтіріледі.