Павлодарда биыл азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттады
Қазақстан бойынша бұл өнімдердің құны5,8% ұлғайған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Павлодар облысы әкімдігінің аппараттық жиналысында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук мәлімдеді.
– Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша азық-түлік өнімдерінің бағасы 5,5 пайызға өскен. Азық-түліктен басқа тауарлардың бағасы 4,1 пайызға ұлғайды, – деп мәлімдеді Ирина Назарчук.– Сондай-ақ, облыс экономикасының ұлғаюы байқалды. Бұл мерзімдегі экономикалық көрсеткіш 103,5 пайызды құрайды.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов еліміздегі экономикамен қоса өңірлік экокномика да жақсарғанын айтты.
– Облысымыздың экономикалық деңгейі оң көрсеткіштерді көрсетуде. Алайда босаңсып қалмау керек,- дейді Асайын Байханов.
Сонымен қатар, жарманың бағасының 10,4 пайызға, жұмыртқаның – 6,3 пайызға және қанттың – 4,1 пайызға төмендегені мәлім болды.