Павлодар билбордтарына ілінетін авторлардың суреттері қандай болмақ

Павлодар билбордтарына ілінетін авторлардың суреттері қандай болмақ

Фотосуреттер байқауының қорытындылары белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz 

Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі «Менің сүйікті қалам» атты қалалық конкурсының нәтижесін инстаграмға жариялады. 

– Конкурсқа қатысуға өтінімдерді барлығы 44 адам жолдады.  Олар үш номинация бойынша 161 шығармашылық жұмыс ұсынған еді, – делінген хабарламада. 

«МЕНІҢ СҮЙКТІ ҚАЛАМ»  номинациясында жеңімпаздардың тізімі:

1-орын. Екатерина Волгина. « Чехов атындағы драмтеатры»;

2-орын. Ева Головинцева. «Уақыттың қиылысы»;

3-орын. Роман Аминев. «Күн батуы».

«СТРИТ ФОТО»  номинациясында жеңімпаздардың тізімі:

1-орын. Агидель Ибраева. «Көлік перфекционизмі»;

2-орын. Алидар Батырбай. «Childhood»;

3-орын. Иван Сильченков. «Соңғы трамвай».

«ЕРТІС ПЕЙЗАЖДАРЫ» номинациясында жеңімпаздардың тізімі:

1-орын. Алёна Зеленина. «Тыныштық»;

2-орын. Сергей Клименко. «Ертісте»;

3-орын. Ербол Бейсекеев. «Бостандық».

Авторлардың түсірген фотолары қаланың билбордтарында ілінетін болады.