Павлодарда бір автобустың қозғалысы өзгерді

Гагарин көшесі жөндеу жұмыстарына жабылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 12 шілде сағат 20:00-ге дейін Гагарин көшесінің Ворушин мен Пішембаев көшелері аралығы жабық болады. Бұл кезеңде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жол жабылуына байланысты қалада автобус қозғалысы схемасына да уақытша өзгеріс енгізіледі.
№126 автобус маршруты Зеленстрой шағын ауданына бұрынғы бағытпен кірмейді. Екі күн ішінде ол тек Каз.Правда көшесі арқылы кіріп және шығып отырады.