Павлодарда бірнеше үй мен мектеп жылусыз қалды

Павлодарда бірнеше үй мен мектеп жылусыз қалды

Жылу желісінде ақау шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қалалық тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлім етті. 

Жылу желісіндегі ақауға байланысты Катаев көшесі, 36/1, 36/2, 42, 44/5, Назарбаев даңғылы, 89, 89/1, 91, 99 үйлер және №14 мектеп жылусыз отыр. 

Ақау сағат 17:00-ге дейін жойылады деп жоспарлануда.

Фото: ашық дереккөздерден