Павлодарда автобустар уақытша бағытын өзгертеді

Коммуналдық қызметтер жолдарды жөндейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар әкімдігінің ақпараты бойынша, 20 ақпанда сағат 15:00-ден бастап жөндеу жұмыстарына байланысты Ломов көшесінің солтүстік жағымен Н.Назарбаев даңғылынан Нұркин көшесіне дейінгі көліктердің қозғалысы шектеледі. Бұл № 003, 5, 57 автобус бағыттарына қатысты.
№ 003 автобусы Катаев көшесі бойынша солтүстіктен оңтүстікке қарай жүргенде Катаев-Ак. Шөкин-М. Жүсіп көшелері бойынша осы учаскені айналып өтеді және одан әрі маршрут бойынша жүреді. Кері қозғалыс схемасы өзгеріссіз қалады.
№ 5 автобус шығыстан батысқа қарай Ломов бойымен Ломов – Назарбаев даңғылы-Ак. Шөкин-М.Жүсіп-Ломов учаскесін айналып өтеді және одан әрі маршрут бойынша жүреді. Кері қозғалыс схемасы өзгеріссіз қалады.
№ 57 автобус Н. Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жүріп бара жатқанда Назарбаев – Ак. Шөкин-М. Жүсіп аумағын айналып өтеді де одан әрі маршрут бойынша жүреді. Кері қозғалыс схемасы өзгеріссіз қалады.