Екібастұзда суық және ыстық су болмайды

Екібастұзда суық және ыстық су болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «109» ақпараттық-анықтамалық қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 9:00-ден жұмыс аяқталғанға дейін (болжамды уақыты 17:00) келесі мекенжайлар бойынша суық, ыстық сумен жабдықтау қызметін беру тоқтатылады:

  • Шәкәрім көшесі, 20, 22, 24, 29а;
  • Қ.Нұралин көшесі, 151а;
  • Б.Жырау көшесі, 148, 150, 152;
  • 27-ші Оңтүстік өткел;
  • 28-ші Оңтүстік өткел.

«Горводоканал» мемлекеттік коммуналдық мекемесі уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.