Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерге ыстық су кешіктіріліп беріледі

Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерге ыстық су кешіктіріліп беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жылыту маусымының қауіпсіз өтуі үшін қажетті маңызды шаралар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ТМ-13 жылу магистралінің құрылысына, сондай-ақ, жылу желісінің диаметрінің ұлғайтылуына байланысты бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерді ыстық суға қосу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Ыстық суға қосылу мерзімі көрсетілген мекенжайлар тізімін сілтеме арқылы көруге болады.

Компания қала тұрғындарын бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұрайды.