Президенттік кадрлық резервке іріктеу нәтижесі қашан белгілі болады?
Іріктеу алты бағытта жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы «Әділдік жолы» РҚБ филиалының басшысы Нұргүл Қайырденова әлеуметтік желісінде жобаның мақсаты жайлы атап өтті.
Осы жылдың 1 қыркүйегінен Президенттік кадр резервіне іріктеу басталғаны барлығымызға мәлім. Бұл іріктеу алты бағыт бойынша жүргізілмек: инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат;цифрландыру; әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
– «Бұл жоба не үшін керек?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, бұл бүгінгі күні елімізге өзекті болып отырған кадр мәселесін шешу жолындағы өте қажет жоба. Бұл жобаның басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесіне талантты, қабілетті, білімді, іскер жастарды анықтап, тарту, – дейді Нұргүл Қайырденова.
Іріктеу қорытындысы бойынша 50 кандидат резервке алынады. Қорытындысы жылдың соңында желтоқсан айында жарияланатын болады.