Павлодарда бірқатар үйлерде су уақытша өшіріледі

Павлодарда бірқатар үйлерде су уақытша өшіріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындарға су жинап алу ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуір күні сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады: 

  • Назарбаев даңғылы, 287/1, 287/2, 287/3, 297/2, 303.

Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар сумен қамту сапасын жақсартуға бағытталған.

Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, алдын ала су жинап алу сұралады