Павлодарда екі күн бойы №18 автобус бау-бақшаға қатынамайды

Павлодарда екі күн бойы №18 автобус бау-бақшаға қатынамайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жөндеу жұмыстарына байланысты №1 автомобиль жолында көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 10 және 11 қазанда Жібек жолы көшесінен 3-ЖЭО-ға дейінгі №1 автомобиль жолында жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

– Жөндеу жұмыстарына байланысты №18 автобус бағыты бау-бақша серіктестіктеріне дейін қатынамайды, – деп хабарлады бөлімде.

Тұрғындарға қоғамдық көлік қозғалысындағы өзгерістерді ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлау ұсынылады.