Павлодарда екі көлік соқтығысып, жолаушылар ауруханаға түсті

Павлодарда екі көлік соқтығысып, жолаушылар ауруханаға түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 шілдеде Жібек жолы көшесінде «ЖАК» маркалы автокөліктің жүргізушісі «Mercedes-Benz» автокөлігімен соқтығысқан. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірінші автокөліктің екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. 

Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.