Павлодарда екі күнге Қамзин-Ломов қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

15-16 тамыз күндері жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы бағыттары өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, Ломов көшесі бойынша қозғалыс ашық болады.
Аталмыш өзгерістерге байланысты №2, 5, 9, 11, 27, 52, 55 және 126 бағытындағы автобустардың қозғалыс сызбасына уақытша түзетулер енгізіледі.
Номері 2, 5, 9, 11, 27, 52, 55 және 126 бағыттағы автобустар оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен жүріп, жабық учаскені Қамзин – Гагарин – Ворушин – Ломов – Қамзин көшелері арқылы айналып өтеді. Сол тәрізді кері бағытта да қозғалады.
ТҮКШ бөлімі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.