Павлодарлықтар Астанаға жәрмеңкеге 560 тонна өнім апарады

Павлодарлықтар Астанаға жәрмеңкеге 560 тонна өнім апарады
Фото: Константин Шелков

Елорда тұрғындарына арзан бағадағы азық-түліктің кеңейтілген ассортименті ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласының өндірушілері мен сауда желілері арасында тікелей байланыс орнату жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде Павлодар облысы 2023 жылғы 7-8 қазанда «Шабыт» Қазақ ұлттық өнер университетінің алдындағы тұрақ алаңында Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекенжайы бойынша өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың 10 ауылдық ауданының ауыл шаруашылығы құрылымдары қатысады. Олар 350 миллион теңгеден астам сомаға 560 тонна өнім алып барады. 

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің өнімдері елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен сатылып кетеді. Әсіресе қала тұрғындары арасында ет өнімдері, бал, картоп сынды көкөністер танымалдылыққа ие.