Павлодарлықтарды газ баллонды сіріңкемен тексермеуге шақырады
Үш жыл ішінде газ баллон қолданатын тұрғындардың үйінен 15-тен астам өрт шыққан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймерденов мәлім етті.
– Облысымыздағы жер үйлерде газ баллон қолданатын тұрғындар жеткілікті, алайда олар қауіпсіздік шараларын білмейді. Мәселен, газ баллоннан газдың шығып тұрғанын немесе шығып тұрмағанын сіріңке жағып тексереді. Бұл апаттық жағдайларға алып келетіні анық, – дейді Қайрат Шаймерденов.
Спикердің айтуынша, баллонды жылыту үшін оны пештің жанына қойып қоятындар да кездескен екен. Мұндай жағдайлар қайғылы оқиғаға әкелетіні мәлім. Сонымен қатар, баллонға газ құю станцияларынан алмацға кеңес бері.
Соңғы үш жыл аралығында облыс аумағында газ баллондарын пайдалануға байланысты 16 өрт болды, барлық фактілер тұрғын үй секторларында тіркелген. Аталмыш өрт салдарынан бір адам қаза тауып, бес адам жарақат алған.