Павлодарда ер адамды аяусыз ұрғандар ұсталды
Төбелес барысы бейнекамераға түсіп қалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде Толстой көшесі, 96 мекенжайындағы көпқабатты үйдің ауласында болған төбелестің видеосы тарады. Бейнежазбада бірнеше адамның бір ер адамға күш қолданғаны көрінеді.
Оқиғаға қатысты облыстық полиция депаратементі арнайы пікір білдірді.
— Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы мен зардап шеккен адамның жағдайы анықталуда.
Полиция өзге ақпаратты тергеу мүддесіне байланысты жарияламады.