Павлодарда ерекше жобаның тұсауы кесілді

Павлодарда ерекше жобаның тұсауы кесілді

Онда әр жылдары Ақсу қаласының дамуына зор үлес қосқан және көрнекті тұлғалар жайлы айтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Олар қаламыздың даңқын асқақтатты» жобасы С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында «Облыстық кітапханадағы ОКЖ күндері» жобасы аясында Ақсу қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі күніне орай ұйымдастырылды.

- Ақсу кітапханашылары бұл жобада әр жылдары қаланың дамуына зор үлес қосқан және көрнекті тұлғалармен, Ақсу қаласы мен Ақсу өңірінің танымал адамдары жайлы баяндады. Мысалы, ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлы, Кеңес Одағының батыры Қанаш Қамзин, Социалистік Еңбек ері, педагог Рафика Нұртазина, ақын-майдангер, журналист Илияс Оспанов, тархшы-ғалым, алғашқы профессор Болат Рахметолла және актриса Шолпан Байғабылова бар, . делінген хабарламада.

Тұсаукесерге облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының өкілі Ансел Кернеева, ақын, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Қаршыға Шаяхметов, ағарту ісінің ардагері Рысты Оканова, ардагерлер кеңесінің төрағасы және Ақсу қаласының Құрметті азаматы Залмұқан Арынов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Жиналғандар Ақсу қаласы ОКЖ - де өткізілетін іс-шаралар бойынша бейнероликті тамашалап, «Ақсудың атын асқақтатқандар» атты өлкетану Web-ресурсымен танысты.