Павлодарда есірткіге елтіген жүргізуші ұсталды
Көлік құралы айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 мамырда сағат 00.40-та Павлодар қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция инспекторлары Сұрағанов көшесінде БМВ маркалы автомашинаны тоқтатқан.
– Көлік жүргізушінің қозғалысы тәртіп сақшыларының күдігін тудырды. Медициналық куәландыру нәтижелері ер адамның есірткіге мас болғанын растады. Аталған деректер бойынша шешім қабылдау үшін әкімшілік материалдар сотқа жіберілді, – деді Павлодар облысы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаев.
Сондай-ақ Ақсу қаласының патрульдік полиция взводының қызметкерлері Sonlik маркалы мотоциклді тоқтатып, жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шығып тұрғаны анықталды. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес 22 жастағы қала тұрғыны мас болған және жүргізуші куәлігі болмаған. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі – «көлік құралын мас күйінде, жүргізуші құқығы жоқ адамның басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетерлігі, өткен тәуліктің ішінде ғана полицейлер өңірде көлікті ішімдік ішіп басқарған 6 жүргізушінің жолын кесті. Жыл басынан бері алкогольдік мас күйінде жүргені үшін барлығы 459 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram