Павлодарда Естай Беркімбайұлының ешқайда жарияланбаған фотосуреті көрсетілді

Павлодарда Естай Беркімбайұлының ешқайда жарияланбаған фотосуреті көрсетілді
Фото: Автор

Сондай-ақ Жаяу Мұсаның домбырасы мен Жанбике Шанинаның картинасы қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ұлы дала: Тарих. Тұлға. Тұғыр» атты облыстық кеңесте Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі көрме ұйымдастырды.

–   «Алаш аманаты» атты көрмеде қазақтың өткен ақын-жазушыларының өңірімізден табылған дүниелері көрсетілді. Олардың ішінде Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысал», «Маса» кітабының түпнұсқасы, Абай Құнанбайұлының өзі қайтыс болған соң Санкт-Петербургта шыққан кітабынн көрсетіп отырмыз, – дейді музейдің директоры Ербол Қайыров.

Сонымен қоса Нәзір Төреқұловтің Мәскеуде шыққан «Темірқазық» журналы, Қошмұхамбет Кемеңгеровтың  «Қазақ тарихы» кітаптарын қосып, қайта өңдеуден өткізген.

Директордың айтуынша, былтыр Ертіс ауданынан тапқан Иса Байзақовтың домбырасы мен Естай Беркімбайұлының дарынды балаларға арналған Абай атындағы Абай атындағы гимназия балалармен кездесу өткізген кезіндегі түскен, ешқайда жарияланбаған суреті қойылған.