Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күн салқындайды
Өңірде бірнеше күн қатарынан желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәлімдеуінше, 25 сәуір күні күндіз ауа температурасы +23…+28°C дейін көтеріледі, түнде +6…+11°C болады. Жел оңтүстік бағыттан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
26 сәуірде түнде облыстың батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз оған найзағай мен бұршақ қосылуы мүмкін. Оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с болып, кей уақытта 30 м/с дейін күшейеді. Күндіз ауа температурасы +22…+27°C, түнде +8…+13 °C болады.
27 сәуірде түнде солтүстік және шығыс аудандарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болжанады. Күндіз +7…+12°C, түнде +1…+6°C градусқа дейін салқындайды. Жел бұрынғыдай күшті, екпіні 15-20 м/с жетеді.
28 сәуірде жауын-шашын болмайды. Күндіз +13…+18°C, түнде 0…+5°C градус, облыстың батысы мен солтүстігінде -3 градусқа дейін суық болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан секундына 9-14 метрег дейін соғады.
29 сәуірден бастап апта соңына дейін жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +15…+20°C, түнде суық болуы мүмкін.
30 сәуір мен 1 мамырда ауа температурасы қайта көтеріледі: күндіз +20…+25°C, түнде +5…+10°C болады деп болжануда.