Павлодарда фантастикалық комикстер оқырмандарға жол тартты
«Комикстер әлеміне» облыстық С.Торайғыров атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы жол ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кітап көрмесіне қойылған туындылар арасынан бұрын-соңды естімеген тарихи деректері бар кітаптарды кездестіруге болады.
- Кітап сүйер оқырмандарымыз үшін қолжетімді форматта комикстер әлемін ашуды жөн көрдік. Көрмеге қазақ тіліндегі «Комикстер әлемі», М.Барфилдтың «Комикстегі астрономия» және бұрын-соңды естімеген тарихи деректері бар «Комикстегі әлем тарихын» табуға болады. Сонымен қатар, оқырмандарымызды тіршіліктің тылсым сырлары туралы қызықты деректер қызықтырса оны «Комикстегі жаратылыстану» және де М.Гуггенхаймның «Агенты Щ.И.Т.», К. Миураның ««Берсерк» атты бес кітабы, С.Снайдердің New York times нұсқасы бойынша №1 бестселлердің жалғасы «Американский вампир», белгілі комикс авторы Сара Андерсеннің «Клыки» т.б. кітаптарынан таба алады, - дейді ұйымдастырушылар.
Фантастикалық комикстер оқырмандарды қызықты және ғажайып оқиғалар әлеміне жетелейтіні сөзсіз. Түрлі-түсті және таң қалдыратын суреттер анимэ әлемі жұмбақ әлемді ашады.
- Мұндағы Жапон комикстері немесе мангалар да қызықты. Өйткені оларды солдан оңға емес, оңнан солға қарай оқуға болады. Бұл ерекшелік, сондай-ақ комикстердің күрделі сюжеттері біздің жас оқырмандарға танымал, - делінген хабарламада.
Комикстердің ғажайып жұмбақ әлеміне қызығатын оқырмандарын облыстық кітапхана ұжымы көрмені тамашалауға шақырады.