Павлодарда газгольдер жанып, 850-ден астам адам құтқарылды

Павлодарда газгольдер жанып, 850-ден астам адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ

Оқиға орнында ТЖД басқаруымен жедел штаб құрылды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналының мәліметінше, құтқарушылар Жеңіс алаңы көшесіндегі газгольдердегі газдың жануын сөндіруде.

– Өрт сөндірушілер екі шаршы метр ауданда жерасты газгольдерде орналасқан газ ауа қоспасын жедел сөндіруге және оны салқындатуға кірісті, – деп жазылған хабарламада. 

Адамдардың қауіпсіздігі мақсатында жақын орналасқан ғимараттардан 850-ден астам адам эвакуацияланды. 

Құтқарылған адамдарды жылыту үшін үш автобус және аталмыш орынды қоршауға үш полиция экипажы тартылды.