Екібастұзда гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде ақау анықталды

Екібастұзда гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде ақау анықталды

Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желілерде кеншілер шаһарындағы көшелердің бірінде ыстық субұрқақтың пайда болғаны туралы виедолар кеңінен таралды.

Бұған Екібастұз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі былай деп жауап берді.

-  Бекітілген жоспарға сәйкес бүгін яғни 26 қыркүйекте Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі жылу желілерінде гидравликалық сынақтар жүргізу кезінде № 2 магистральдік құбырдың қайта жаңартылған учаскесінде 24Л жылу камерасындағы тығыздағыш компенсаторда ақау анықталды. Қазіргі уақытта зақымдануды жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, - делінген хабарламада.

Шаһарда 20-23 қыркүйек аралығында №5, 8, 12 қайта жаңартылатын жылу магистральдарын жуу және сығымдау жұмыстары жүргізілді. Сынақтар барысында жаңа желілерде зақым анықталған жоқ. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес, 26-30 қыркүйек аралығында №2 жылу магистралін сынау жоспарланған.

Бұған дейін Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 1, 2 жылу магистральдарына, сондай-ақ 32 шағын ауданның жеке секторы бойынша өтетін жер үсті  магистральдік құбырға гидравликалық сынақтар жүргізілетіні туралы хабарлаған болатынбыз.