Павлодарда иелігінде мүлкі бар азаматтар салықты қалай төлейді?

«Halyk Bank», «Kaspi Bank» банктерінің қосымшаларынан мүлік салығының мөлшерін бірден төлей алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстары жөніндегі басқармасының мәліметінше, «e-salyq Azamat» мобильді қосымшасындағы «ЖТ және ЖК алдағы төлемдер сервисі» арқылы дамүлік салығының мөлшерін төлеуге болады.
– Бұл сома биыл қазан айына дейін төленуі тиіс, – деді басқармада.
Бұл ретте, құзырлы орган бірқатар азаматтарға заң жүзінде жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті. Салық кодексінің 226-бабының 2-тармағында мүлік салығынан толық немесе ішінара көлемде босатылатын жеңілдікті санаттар тізімі көрсетілген.
Жеңілдік берілетін азаматтар тобына Кеңес Одағының батырлары, Социалистік Еңбек ері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алғандар, үш дәрежелі Даңқ ордендерімен және «Отан» орденімен марапатталған тұлғаларға салық салынған барлық нысандардың жалпы сомасынан 1000 АЕК шегінде жеңілдік жасалады.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер, өзге мемлекеттер аумағында әскери ұрыстарға қатысқар ардагерлер, КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған тұлғалар, сондай-ақ, 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай еңбек еткен, бірақ марапатталған тұлғалар салық салынатын нысандардың жалпы құнының 1500 АЕК шегінде жеңілдікке ие.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар тұлғаларға да мүлік салығы бойынша жеңілдіктер бар. Оларға салық салынатын барлық объектілердің жалпы құнынан 1500 АЕК шегінде жәрдем жасалады.
Жетім балалар және ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға 18 жасқа толғанға дейін жеңілдік қарастырылған. Сонымен бірге, мүгедектігі бар бала асырап отырған ата-аналардың біреуіне жер учаскелері, үй, ғимараттар, бақша ғимараттары, гараж, автотұрақ орны және өзге де оның меншік құқығындағы құрылыстар бойынша жеңілдік беріледі.