Павлодарда интернационалист-жауынгерлермен кездесуі өтті
6679 әскери бөлімінде интернационалист-жауынгерлер өз естеліктері жайлы айтып, тәжірибелерімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шараға 180 әскери қызметші қатысты.
– 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні. Бұл – Ауған соғысы ардагерлерінің мерекесі және барлық қаза тапқан интернационалист- жауынгерлерді еске алу күні. Соғыстың 10 жылында 620 мыңға жуық кеңес әскері мен азаматтық персонал қатысты. Сол шайқаста өз елінің мүдделерін қорғап, ант берген сарбаздар мен офицерлердің майдандағы бауырластығы, Отаны мен қызметіне деген адалдығы сыналды. Бейбіт күн үшін күрескен батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, – деп 6679 әскери бөлімінің командирі Аманжол Әйтенов алғысын білдірді.
Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне орай бөлімшелерде тақырыптық кеш, интернационалист-жауынгерлер Анаш Үсембаева, Қайрат Какашин және Юрий Веденеевпен кездесу өткізілді.