Павлодар ауданында жаңа пәтерлердің кілттері беріледі

Павлодар ауданында жаңа пәтерлердің кілттері беріледі
Фото:pixabay.com/Schluesseldienst

Кемеңгер ауылында екіпәтерлі екі жеке үй салынуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар ауданы әкімдігінің мәліметінше, ғимараттар әлеуметтік осал отбасыларға арналған. Биыл төрт отбасы ондағы пәтерлердің кілтін алады.

Жұмыстар бір ай бұрын ғана басталды, бірақ құрылысшылар іргетасын қалап, қабырғаларын тұрғызды, едендерін тегістеп, ішкі әрлеу мен қасбеттерді қаптауға кірісті. 

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыздан бастап коммуналдық тұрғын үй беру тәртібі өзгерді, енді пәтерлер «Отбасы банкі» арқылы үлестірілетін болады.

Павлодар ауданында тұрғын үйге кезекте 222 адам тұр, олардың ішінде жетім қалған балалар, көпбалалы отбасылар және мемлекеттік қызметшілер бар.