18 сәуірде Павлодар облысында бұлтты болады

18 сәуірде Павлодар облысында бұлтты болады
Фото: Константин Шелков

Өңірдің солтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, бейсенбіде ауа температурасы +16…+21 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Павлодарда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы күндіз +18…+20 градусты көрсетеді.