Павлодарда көлікті есірткілік мас күйінде жүргізгендер ұсталды

Павлодарда көлікті есірткілік мас күйінде жүргізгендер ұсталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар жолда қауіпті жағдай орнатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Рейдтік іс-шара барысында патрульдік полиция жасағы алдымен Toyota Camry маркалы автокөлікті, кейін BMW жүргізушісін тоқтатты. Олардың жүргізу мәнері күдік туғызды: көліктер жол бойымен сенімсіз қозғалып, қауіпті маневрлер жасаған. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушілерден мас күйінің айқын белгілері байқалды. Медициналық куәландыру нәтижесінде екі жүргізушінің де есірткілік мас күйінде болғаны расталды.

– Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Қаланың жолдарында жүргізілетін күнделікті патрульдеу мас күйде көлік жүргізу мәселесінің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, бір тәулік ішінде облыс аумағында 472 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркеліп, екі мас жүргізуші және көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бір жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінде.

Мас күйде көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіреді. Құқық қорғау органдары профилактикалық рейдтік іс-шараларды жалғастырып, жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және жолдағы тәртіпті мүлтіксіз орындауға шақырады.