Павлодарда көше бөлігі жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Автобус маршруттары өзгереді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 мамыр күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Н. Назарбаев даңғылының батыс жағы Торайғыров көшесінен Қайырбаев көшесіне дейін жабылады.
Жұмыс жүргізу кезінде Н. Назарбаев даңғылы - Торайғыров көшесі қиылысының батыс жағы ішінара, ал Н. Назарбаев даңғылы - Лермонтов көшесі қиылысының батыс жағы толығымен жабылады. Көшенің шығыс жағында кері қозғалыс ұйымдастырылады. Қайырбаев және Кривенко көшелерінен даңғылдың «қалтасына» қозғалыс қолжетімді болады.
Осыған байланысты №№ 1, 1э, 5, 2, 40, 52 автобус маршруттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі:
- № 1, 1э, 5 автобус маршруттары батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесі бойынша: Лермонтов - Бұқар жырау – Торайғыров көшелері бойынша және маршруттар бойынша осы учаскені айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.
- № 2, 40 автобус маршруттары батыстан шығысқа қарай Лермонтов көшесімен жүру кезінде осы учаскені Лермонтов-Бұқар жырау – Торайғыров-Н. Назарбаев-Лермонтов даңғылы және маршруттар бойынша айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.
- № 52 автобус бағыты Н. Назарбаев даңғылымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүру кезінде осы учаскені Н. Назарбаев даңғылы – Торайғыров – Бұқар жырау – Лермонтов көшелерімен айналып өтеді. Сол сияқты кері бағытта.
Ведомство қала тұрғындарынан ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.