Павлодарда автобустар бағыты уақытша өзгереді

Павлодарда автобустар бағыты уақытша өзгереді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол жөндеу жұмыстары жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 29 сәуір күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Академик Сәтбаев көшесінің Естай көшесінен Ломов көшесіне дейінгі аралығында асфальтобетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты аталған учаскеде автокөлік қозғалысы шектеледі.

Уақытша өзгерістер №1Э, 3, 10, 11, 18, 21, 22, 27, 31, 66А және 126 бағыттағы автобустарға қатысты.

№3 бағыттағы автобус оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалғанда Сәтбаев – Ломов – Бөкейхан – Астана көшелері арқылы айналып өтеді. Қайтар бағытта да осы схема қолданылады.

№22 бағыттағы автобус шығыстан батысқа қарай Ак. Шөкин – Астана – Қайырбаев – Сәтбаев көшелерімен жүреді. Қайтар бағытта да өзгеріс сақталады.

№21 бағыттағы автобус шығыстан батысқа қарай Ак. Шөкин – Астана – Кривенко – Бектұров – Естай көшелерімен қозғалады. Қайтар бағытта Естай – Бектұров – Қайырбаев – Астана – Ак. Шөкин көшелері арқылы жүреді.

№66А бағытындағы автобус Сәтбаев – Ломов – М. Жүсіп – Ак. Шөкин көшелері арқылы айналып өтеді.

№11 бағыттағы автобус М. Жүсіп – Ак. Шөкин – Астана – Кривенко – Бектұров – Естай көшелерімен жүреді. Қайтар бағытта Естай – Бектұров – Қайырбаев – Астана – Ақ. Шөкин – М. Жүсіп – Ломов көшелерімен қозғалады.

№1Э, 10 және 31 бағыттағы автобустар М. Жүсіп – Ак. Шөкин – Астана – Кривенко – Сәтбаев көшелері арқылы айналып өтеді. Қайтар бағытта да осы схема сақталады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша өзгерістерді ескеруге кеңес беріледі.